Бұл туралы агенттікке орталықтың директоры Еркебұлан Күнтуған мәлім етті.

- Мұндай идея ойымызға бір ай бұрын келді. Аптаның басынан бастап жұмысқа ұлттық нақыштағы  киімдер киіп жүрміз. Осылайша,  жастар арасында қазақтың ұлттық киімдерін насихаттап жүрміз, - деді Е. Күнтуған.

Айта кетерлігі, жастар алдағы өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауда дауыс беруге де ұлттық киімде баруды жоспарлап отыр.

 

Назым Қарабаева

pavlodarnews.kz