Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Қаршыға Арыновтың айтуынша, су бөгетін құруға күн сайын 12-18 техника бірлігі жұмылдырылады.

    -3-12 наурыз аралығында қаланың ескі бөлігінде ұзындығы 1820 метрді құрайтын су бөгеті құрылды. Бөгеттің биіктігі - шамамен 1,5-2,5 метр болса, ені - 3-3,5 метр. Барлығы 43 мың тонна құм төселіп, әрбір 500-600 метр сайын бөгетті күшейтуге арналған қосыша құм жеткізілді. Қала бойынша бөгеттің ұзындығы 3,2 шақырымды, ал Ақсу ауылында 600 метрді құрады, - деді Қ. Арынов.

Шаһар басшысының орынбасары су тасқынына қарсы дамбаны құруға атсалысқан Ақсу ферроқорытпа зауыты, "Қазавтоқұрылыс", «AKSU DS Trans Logistik» ЖШС, коммуналдық мекемелер мен жеке кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

    -Өңіріміздегі апаттың алдын алу бойынша қорғаныс қызметі сақадай сай. Барлығы 2330 адам, 845 техника бірлігі, оның ішінде 45 су техникасы, бір тікұшақтан құрылған 13 жедел әрекет ету тобы құрылды, - деді Павлодар облысы әкімі аппаратының аумақтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Александр Денисюк.

Абзал Кабдраш

pavlodarnews.kz