Билет бағасының жоғарылау себебін «Сапаржай Павлодар» ЖШС-нің басшысы Павел Браславский түсіндіріп берді.

- Бұл бағытта «Зейін» ЖШС қызмет көрсетеді, - деді Павел Браславский. – Баға осыдан екі жыл бұрын көтерілген болатын. Осы уақыт аралығында бағаны тұрақты ұстауға тырыстық. Десе де, бүгінгі жанармайдың бағасын ескеріп, басқа да шығындарды қайта есептеп, 50 теңгеге өсіруді жөн көрдік. Бұдан басқа, парктің техникасын жылда жаңартып тұру қажет. Мысалы, 2013-2014 жылдары шағын автобустар 6 миллион теңгеге сатып алынса, қазіргі уақытта олардың құны 15 миллион теңгеге дейін жетті.

Айта кету керек, күніне бұл бағытта 25 шағын автобус қатынайды. Әрбіреуі 2-3 рейске шығады. Жолаушылардың ағыны өскенде қосымша үлкен автобустар шығарылады. Соңғы рет билет құны  2016 жылдың маусымында 230 теңгеден 300-ге дейін өскен.

Бағаның жоғарылауы Павлодар мен Ақсу арасында күнделікті жүретін жолаушылардың қалтасына салмақ түсірсе керек. Олардың  басым бөлігін қарапайым жұмыскерлер мен студенттер құрайды.

 

Назым Қарабаева 

Фото:автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам