Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуезов көшесінде орналасқан дәмхананың иесі заттарының жоғалғаны жайлы полицияға арыз жазған.

- Зардап шеккен кәсіпкер оның дәмханада сағат 22.00-ге дейін болғанын айтқан, - деді баспасөз қызметінде. – Ғимараттың ішінде күзетшілер ғана қалған. Ал, таңертең дәмханаға келісімен құны 120 мың теңге тұратын ноутбук пен кейбір алкогольді сусындарының жоғалғанын анықталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 37 жастағы бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ер азаматты құрықтап, заттай айғақтар – ноутбук пен алты шөлмек коньяктың жартысы тәркіленген.

Аталмыш фактіге қатысты Р ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға