Бұл туралы Baq.kz тiлшiсi хабарлайды.

Тимур Сүлейменов өз сөзiнде елiмiздегi жұмыссыздық деңгейi мен еңбекақы мөлшерiне тоқталды.

«Еңбек нарығында тұрақтылық сақталып отыр. Биылғы жылдың басынан 134,8 мың адам жұмысқа орналастырылды. Осы жылдың сәуірiнде жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды және ол 4,9% құрады. Айтарлықтай ұзақ мерзімнен кейін, биылғы жылдың басынан бастап нақты еңбекақының өсiмi байқалады. Ол 1,2% құрады. Қаңтар-сәуірде орташа айлық еңбекақы 152,3 мың теңгені құрады», - дедi Сүлейменов.

Сондай-ақ, министр экономиканы кредиттеу мәселесiне тоқталды. Оның айтуынша, экономиканы кредиттеудегі жағдай өзгеріссіз қалып отыр. Жақсарудың айқын белгілері байқалмайды. Биылғы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша экономиканы кредиттеу 0,5%-ға ғана өсті және ол 12,6 трлн теңгені құрады. Мардымсыз өсу тұтынушылық кредиттерде байқалады. Алайда, бизнеске арналған кредиттер көлемі 5,6%-ға төмендеген. Кредиттердің біртіндеп төмендеуі өнеркәсіптен басқа экономиканың барлық негізгі салаларында байқалады.

pavlodarnews.kz

Тэги: