Бұл туралы  Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды.

Ақпарат телеарнаның Instagram желісіндегі парақшасында шықты. Жобаның осы кезеңінде қазақстандық әнші рэпермен бірге Real One атты әнді орындап шықты. Өлеңде Шымкент қаласы жайлы да айтылады. Айта кетейік, олар бұл әнді 5 мамырда орындап шықты. Айта кетейік, ТНТ телеарнасының Youtube хостингіндегі арнасында Назима Жәнібекова мен ресейлік рэпер Скруджидің әні 2,4 миллион қаралым жинап, видеоға екі мыңнан аса пікір қалдырылған. Назима Жәнібекова 2011 жылы "Жұлдыздар фабрикасы" байқауының финалисі атанған болатын. Бұл жобада қазақстандық әнші Алла Пугачеваның "Миллион алых роз", Мэрайи Кэрридің Without You, Мұрат Насыровтың "Я это ты" және тағы басқа әндерді орындады. Ал 2014 жылы ол ALTYNGIRLS тобында өнер көрсете бастады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, мәдениет