Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ибрагим Жүсіпқалиевтің айтуынша, сүйектер кеше 2-саяжай қауымдастығына қарасты «Тополек» саяжай аумағы маңынан табылған. Экскаватормен топырақты қазған кезде сүйектер шыққан. Осы жерде адамдар жерленген болуы мүмкін. Сараптама қорытындысына сәйкес, қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралатын болады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға