Мұндай форматтағы жиынды өткізу былтырдан бастап дәстүрге айналған.  Нәтижесінде мектепке қатысты  мәселелерді шешуге ата-аналар  белсенділік танытады.

 - Жиналыста мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, 11 сынып оқушыларының қорытынды атестаттауы, ҰБТ-ға дайындық жайлы әңгіме қозғалды, - деді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. – Бұдан баса, жалпыұлттық идеялар негізінде  отбасылық дәстүрлерді жаңғыртуда отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасы, оқу жылының қорытындысы, оқушылардың оқу үлгерімі талқыланды. Отбасы және мектептің қарым-қатынасын нығайту мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу, оқу үрдісін цифрландыру, оқулықтарды жасау мен 100 үздік оқулықты аударуға қатысты түрлі сұрақтар  қарастырылды.

Бүгінде білім ордаларында оқу үдерісіне цифрландыруды еңгізу бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Қаланың барлық мектептері электронды журналдар мен күнделіктерді жүргізеді. Ұстаздарға сабақтарды тиімді ұйымдастырып өткізу үшін Bilimland білім беру платформасы  Bilimland  пайдаланылады. Сондай-ақ, «Smart-мектеп» пилоттық жоба енгізілуде.

 Айта кетерлігі, барлық қала мектептерінде қамқоршылық кеңес құрылған. Биыл Павлодар қаласының  мектептерінде 1115 түлек оқу бітіреді.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, білім