Баянауыл ауылынан аттанған «Баянауыл-Ерейментау: Бабадан қалған құт мекен» салт аттылар сапары Ерейментау ауданының Бозтал ауылында аяқталды. Баба жолын жалғаған азаматтар Өлеңті өзенінің жағасында орналасқан ауылда Ұлы Отан соғысының құбандарына арналған ескерткіштің ашылуына қатысты.

Биыл екінші рет ұйымдастырылған салт аттылар сапары ұлттық ат спортын насихаттауды, еркіндікке құштар рухты жастарды тәрбиелеуді мақсат етті.

Ата дәстүрді дәріптеген облыстық мәслихат депутаты Орал Сартаев пен аудандық мәслихат депутаты Алдамжар Алтынбек бұл жолы қасына тек жастарды ертті. Жас кәсіпкер, «Абылай» шаруа қожалығының басшысы Абылай Жүнісов, жас атбегі Саят Сарбасов, Жаңатілек ауылының азаматы, теолог маман Әли Адамбек және бір топ жас жолға шыққан. Сапарға Баянауыл ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының Баянауыл аудандық филиалы қолдау көрсетті. Жұпар Әбдікәрімов, Ержан Байкенов бір апта бойы аттыларды көлікпен қамтамасыз етіп, сүйемелдеп жүрді.

Еламан Қабділәшім

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Салт аттылар, рухани, мәдениет