Жасылелдіктермен бірге жергілікті футбол клубының бапкерлері мен футболшылары 40 терек ағашын отырғызды.

- Бұған дейін осындай аллеялар №16 жалпы орта білім беру мектебі мен ПМПУ және С. Торайғыров атындағы ПМУ аумағында ашылған болатын, - дейді «Жасыл ел» облыстық штабының комиссары Заур Совет. – Акция аясында 100 ағаш отырғызылды. Еңбек маусымының соңына дейін 1000 ағаш отырғызу жоспарда бар.

Айта кетейік, аталмыш шара «Қазақстан Алюминийі» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған.

Аллеяның ашылуына арнайы келген «Ертіс» футбол клубының бапкерлер ұжымы мен футболшылары да өз үлестерін қосты.

- Мен оқушы болған кезімде көп ағаш отырғыздым, - дейді бас бапкердің міндетін атқарушы Дмитрий Кузнецов. – Бүгін тағы екеуін ектім. Бұл өте жақсы бастама. Егер Павлодарда жұмыспен қалатын болсам, оларды келіп бақылап тұрамын. Енді мен командамен қатар ағаштарым үшін де уайымдаймын.

Естеріңізге сала кетейік, металлургтер саябағын қайта жөндеу жұмыстары Павлодар облысы әкімдігі мен ERG компаниясы арасындағы меморандум аясында жүзеге асқан.

Абзал Қабдраш
Фото:автор

pavlodarnews.kz

Тэги: «Ертіс» ФК, «Жасыл ел», спорт, қоғам