Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауов Астана қаласының орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингі барысында мәлім етті.

- «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы бойынша еліміздің мәдениетін шетелге танытып, насихаттауда облыстық Иса Байзақов атындағы филормонияның симфониялық оркестрі Италияның жеті қаласында болып, 22 концерт берді, - дейді аймақ басшысы. - Өнер ұжымын Біріккен Араб Әмірліктеріне жіберуді көздеп отырмыз. Сонымен қоса, облысымыздың Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма теарты Египет еліне гастрольдік сапарымен барғалы отыр.

Айта кетейік, Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы қысқаметражды фильмдерді насихаттап, елге таныту мақсатында облыста «Ертіс Cinema» халықаралық кинофестивалін өткізу жоспарлануда.

Бүгінгі күні алыс-жақын шетелдерден осы кинофестивальге қатысуға 40-тан астам өтініш түскен. Олардың қатарында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Франция, Испания, Иран, Босния мемлекеттерінің өкілдері бар.

pavlodarnews.kz

Тэги: Жүсіпбек Аймауытов театры, Египет, мәдениет