Оған облыстағы қалалар мен аудандардың қазақ тілі оқытушылары мен тіл мамандары қатысты.

-  Онлайн-сабақтар барысында латын графикасындағы қазақ әліпбиін оқытуда кездесетін мәселелер  талқыланды, - дейді облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының  маманы Дәулет Темірболат. -  Жалпыхалықтық реформаны жүзеге асырудың кезеңдері аталып, дәріс оқушылар тыңдаушылырға жүйелі-әдістемелік кешеннің тиімді жақтары туралы ақпараттар берді. Педагогика ғылымдарының докторы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тілі білімі  кафедрасының профессоры Шынар Құрманбаева  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу  үшін  сайттардың тізімін ұсынды.

Шараның мақсаты – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру. Сонымен қатар, жаңа ұлттық әліпбиді енгізу және көшу кезеңдерінде кездесетін негізгі аспектілер мен мәселелерді шешу жолдары туралы ақпарат беру.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам