Студияның директоры Гүлжан Теміржанованың айтуынша, шарада Павлодар мен Семей қалаларының би ұжымдары өнер көрсетеді.

- Аталмыш концерт Естай атындағы мәдениет сарайы мен «Павлодар мейірімділер тобының» қолдауымен өтуде, - дейді Гүлжан Теміржанова. - Сахнада «МЕGA ЖҰЛДЫЗ» фестивалінің жеңімпаздары атанған Семей мен Ертіс өңірінің ұжымдары би билейді. Көрермендер қызықты бағдарламаның куәсі болмақ.

Айта кетейік, жиналған қаржының барлығы есту қабілетінде ауытқуы бар Әлижан Бақтыбай мен төртінші деңгейлі қатерлі ісігі бар Інжу Олжасқызының еміне беріледі.

Концерт 19 мамыр күні Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Басталуы сағат 17:00-де.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: Pavlodar Music Studio, қайырымдылық концерті, қоғам