Baq.kz ақпарат агенттігі 2018 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы туралы ақпарат ұсынады.

2018 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 18 212,8 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 459,2 мың (57,4%), ауылдықтар – 7 753,6 мың адамды (42,6%) құрады. 2017 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 237,7 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Халықтың табиғи қозғалысы

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-наурызда туғандар саны 92,6 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 0,3% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,57 туғандарды құрады.

2018 жылғы қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 767 адамға немесе 1,3% көбейіп, 58,8 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,06 адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 33,8 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 1,4% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,51 қайтыс болғандарды құрады.

2018 жылғы қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа дейінгі 820 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 2,4% көбейді.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-наурызда 368 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 44,9% құрады. Туа біткен ауытқулардан 192 немесе 23,4%, тыныс органдары ауруларынан – 68 немесе 8,3%, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан – 39 нәресте немесе 4,8% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 34 немесе 4,1% нәресте қайтыс болды.

2018 жылғы қаңтар-наурызда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,85 құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 23,3% кеміп, 3 468 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 21% көбейіп, 6 846 адам құрады, көші-қонның айырымы - 3 378 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

• ТМД елдерінен келгендердің үлесі 76,8%;
• ТМД елдерге кеткендердің үлесі 89,1% құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 34% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

• Астана қаласы – 3 370 адам;
• Алматы қаласы – 9 294 адам қалыптасты.

pavlodarnews.kz

Тэги: