Бұл туралы агенттіктің ресми сауалына жолдаған жауап хатында қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Зкрия Солтанғазинов мәлім етті.

- Облыс орталығында гүлдерді отырғызу жұмыстары 19-мамыр күні мердігер ұйым анықталғанан кейін басталады, - дейді бөлім басшысы. - Гүлдердің бірқатар түрлері егіледі, олардың ішінде шырайгүл, тагение, сальвия, қазтамақ және тағы да басқа түрлері бар. 2018 жылы аталған жұмыстарға 70 миллион теңге бөлінді. Өткен жылы да осындай мөлшерде қаржы жұмсалған.

Айта кетейік, қаладағы су бұрқақтар 30-сәуірде іске қосылған. Алайда ауа райының салқын күндері, әсіресе жел қатты болған кезде субұрқақтар жұмысын тоқтатады.

Абзал Қабдраш
Фото: 3.bp.blogspot.com

pavlodarnews.kz

Тэги: Гүл отырғызу, қоғам