Тұрғындармен кездесуге қалалық мәслихат депутаты Қобланбек Қожин барды. Халық қалаулысы бұл оның учаскесі емес екенін, алайда қазір әкімдік пен депутаттар су басқан үйлердің тұрғындарына жедел көмек көрсету үшін қаражат іздеп жатқандықтарын айтты.

- Біз жағдайды өз көзімізбен көру үшін келдік, - деді Қобланбек Қожин. – Кеше  мұнда «Нұр Отан» партиясының ерікті депутаттары келіп, бізден қандай көмек керек екенін білу үшін аулаларды аралап, үйлердің жағдайын көрді. Бүгінгі күні бұл көмек құрылыс материалдары мен жабдықтар түрінде ұсынылатын болады.   Үйлер мен жертөлелерді су  су басқаны белгілі болды. Қираған үйлер жоқ, бірақ қабырғалар дымқылданған жерлер бар. Бақшаларының егіс жерлері де бүлінгендер бар шығар. Біз заңды көмек қана көрсете аламыз. Барлық үйлер тексерілетін болады. Бәріне көмектесеміз.

Адамдар жағдайдан әбден қыспақ көрген. Олар өз мәселелері туралы 2016 жылдың басында ашық айта бастады. Бірақ әлі күнге дейін  үйлері су астында қалуда.

- Жұмыс үйіге келгенде балалар жөтеледі. Дымқылданып кеткен. Еденде су. Таңертең тұрғанда аяғыңмен мұздай су басасың.   Жылу жоқ. Адамдар осыған баруға әжбүр. Бұл шындық, - деп су басқан үйлер тұрғындарының бірі Айнаш Сүтбаева.

 Кейінірек әйел журналистерді әртүрлі инстанцияларға берген өтініштерін көрсететін болады. Адамдар төтенше жағдай режимін енгізуді қалайды. Сонда ол зақымдану процесін едәуір жеңілдетеді, бірақ олай болмай тұр. Оның айтуынша, қалалық әкімшілік ахуал туралы біледі, бірақ оны түбегейлі шешудің орнына  кәріз жүйесі құрылады, коммуналдық қызметкерлер  тәжірибе жүргізеді.

- Біз «Нұр Отан», қала әкімшілігі, прокуратура, ТҮКШ бөлімі, энергетика бөлімі, барлық органдарға шағым бердік, - деді Айнаш Сүтбаева. - Интернеттегі шағымымыз жарияланбас бұрын үйлеріміздің жанында кездесу болды. Адамдар үмітсіз. Өткен жылы «Нұр Отан» партиясынан 600 мың теңге сомаға төрт-бес үйге құм, қиыршық тас, цемент әкелінді. Қазір ауқымы 200 үй. Барлығы суға түсіп, барлық  гуманитарлық көмек қирап қалды. Сорғы станциясы 12 миллион тұрады,  бірақ жұмыс істемейді. Бұл 12 миллион суға кетті. Тағы бір жарым миллионға кәріз жүйесіне құбыр өткізу үшін жұмсалды.  Тазаламай жатып келесісін өткізген.

Айнаш Сүтбаеваның айтуынша, адамдар құрылатын комиссия жер асты суларынан қаншама үйдің зардап шеккенін анықтап, үйді қалпына келтіретініне сенбейді. Тұрғындар тым болмағанда үйді қандай да бір жолмен нығайту үшін құм әкеліп беруді сұрайды. 

- Құм мен қоқыс мәселені шешпейді, су әлі де болады, - дейді Айнаш Сүтбаева. - Бізге қайдан келіп жатқанын көруіміз керек, геодезия және топографиялық түсірілім жасау қажет,  мәселені қалыпқа келтіру керек. Бұл тік дренаждар – эксперимент. Олар су сараптамаларын өткізіп, онда ластаушы заттардың болуын анықтайды.  Мұның барлығы «Павлодар жылу желілері» ЖШС немесе «Павлодар су арнасы» ЖШС-нің су болуы мүмкін, бірақ  оны сараптама көрсетеді. Егер солай болса, онда бұл техногендік жағдай. Сондықтан бұл төтенше жағдайға жатады. Жер асты сулары болса, олар бізге көмектесетінін айтады. Тәжірибе 10 күнге созылады. Осы уақыт ішінде тік дренаждардың радиусын есептеп, содан кейін қанша қажет екенін есептейді. Бізге кәріз керек, ал сол көшелерде кәріз жоқ. Сұраныс жасағанда  бізде  сорғы станциясы бар екенін айтты.

 

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам