Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Полиция басқармасына әмиянын ұрланғаны туралы өтінішпен 27 жастағы облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Таңертең бойжеткен маршрутты автобусқа отырып, бірнеше аялдама өткеннен кейін түсетін кезде сөмкесіндегі амиянын жоғалғанын анықтаған. Дереу тәртіп сақшылары іздеу шараларын жүргізіп, екі сағат ішінде аталған қылмысқа қатысы бар 26 жастағы астаналық жігітті анықтады. Ол бұған дейін осындай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, - деді баспасөз қызметінде.

Күдіктіден бойжеткен қыздан ұрланған мүлік тәркіленді. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам