YEMA ірі қытай компаниясының өкілдері Павлодар облысымен ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді. Аталмыш компания Қытайдың ірі 100 экспорттық компаниясының құрамына кіреді.

Аймақ басшысы Болат Бақауовпен бірге олар он жыл бойы тұралап тұрған екібастұздық әуежайда болды.

- Бұл жерде логистикалық орталық ашатын едік, - деді Павлодар облысының әкімі YEMA Group вице-президенті Чен Ганға. – Екібастұз Павлодардан 120 шақырым, Астанадан 280 шақырым қашықтықта орналасқан. Хаб құру үшін бұл өте ыңғайлы нүкте деген ойдамын. Сол жерден Қазақстанда өндірілген өнімді Қытайға жібере аласыздар.

Әлеуетті инвесторлар «QazTomat» жылыжайында да болды.

Төрт айдың ішінде кешенде шамамен 1,2 мың тонна қызанақ өсірілген. Шығарылатын өнімнің басты сатып алушысы ресейлік «Лента» дүкендер желісі болып табылады. Күн сайын шамамен он мың тонна екібастұздық қызанақ Екатеринбург, Новосібір және Бийскке жіберіледі.

- Қазір біз 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында іске қосуды жоспарлап отырған аумағы 16 гектар кешеннің құрылысымен айналысып жатырмыз, – деді жылыжай басшысы Ерлан Матымов. – Бұл шығарылатын өнім көлемін күн сайын 35 тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Қызанақтан басқа, баялы мен қияр өсіреміз. Пвлодарда YEMA Group топ-менеджерлеріне арнайы әлеуметтік аумақтың әлеуеті таныстырылды.

Бұдан басқа, қытайлықтар арнайы экономикалық аумақта қоспалы алюминий өндіретін «Guissenhaus» ЖШС мен химиялық препарат шығаратын «АгроХимПрогресс», қыздырылған кокс шығаратын «УПНК-ПВ» кәсіпорындарын аралады.

- Синьцзянде жылына 3 миллион тонна алюминий өнімін шығаратын зауыт жұмыс істейді, сондықтан бізге Павлодарда шығарылатын қыздырылған кокс өнімі қызықты, - деді қытай корпорациясының вице-президенті Чен Ган. – Агроөндіріс кешенінде біз Қытайға өсімдік майын сатып алу және жеткізу бойынша жұмыс істеуге дайынбыз.

Қытайлық меймандар Павлодар облысына соңғы 15 жылда алғаш рет келіп отырғандарын жеткізді. Бүгінде инвесторлар жергілікті нарықты зерттеуде.

Томирис Бекжан
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика