Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын жауып, күн күркіреп, жел күшейіп, тіпті шаңды дауыл да көтеріледі. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысында күндіз күн қатты ысиды деп күтілуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам