Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, сәрсенбі күні кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейіп, шаңды дауыл көтерілуі, тұман түсуі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, түнде оның жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, екпіні 23,28 метрге дейін баруы ықтимал. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бірқатар аймақтарда бұршақ жауады. Жел секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Екпіні кей жерлерде 23-28 метрге дейін барады. Ақмола облысында жел түнде күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады, екпіні 23-28 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқыса, түнде және таң ата тұман түседі.

Алматы облысында кей жерлерде желдің күші секундына 18-23 метрге жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысында түнде тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел секундына 18 метр болады. Күндіз Атырау облысының бірқатар аймақтарында күн қатты ысиды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам