Рустэм Хамитовтың айтуынша, Қазақстан мен Ресейде алыс елдерден іскери серіктестерді іздестірілетіні жасырын емес. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, көрші мемлекеттермен серіктес болу әлдеқайда тиімді.

- Қазақстан – біздің ең жақын көршіміз, - дейді ол. – Павлодар облысы өздері ниет танытып, қызықты ұсыныстарды ортаға салғаны аса маңызды. Ертіс өңірінде әктас пен тұздың көлемді шоғырлары барын жақсы білеміз. Сонымен қатар, үлкен жеңілдіктері қарастырылған бұл аймақ арқылы біздің кәсіпкерлер Қытайға жол төсеп жатыр. Бұл - көршіміздің бірден-бір артықшылығы. Қытай Халық Республикасымен агроөндіріс өнімдерін және ауылшаруашылық тауарларын жеткізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру жоспарда бар. Бұл тұрғыда Павлодар облысы бізге көмек қолын соза алады.

Өз кезегінде Болат Бақауов кез келген салада қарым-қатынас орнатуға дайын екендігін жеткізді.

- Ірі шаруа қожалықтарының өкілдері сүт тауарлы фермаларының және өсімдік шаруашылығының жұмысымен танысу мақсатында бізбен бірге келді, - дейді облыс әкімі. – Ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтардың ауыл шаруашылығы бағытындағы өзара тиімді жұмысына мән беру керек. Білім, ғылым саласындағы серіктестік бойынша жоғарғы оқу орындарының ортақ нәтижелі еңбегін атап өткім келеді. 2015-2018 жылдары С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің 35 магистранты Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінде тәжірибеден өткен.

Айта кетейік, Болат Бақауовтың Башқұртстанға жасаған жұмыс сапары барысында екі меморандумға қол қойылды. Бірінші келісім «Павлодар» арнайы экономикалық аумағы мен Башқария мұнай-химия өңдеу институты арасында жасалса, екіншісі Павлодар облысының кәсіпкерлік палатасы мен Башқұртстан Республикасының сауда өнеркәсіптік палатасы арасында жүзеге асты.

Думан Асқарбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Башқұртстан, Павлодар, қоғам