Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды.

 "Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Центрказэнергомонтаж" АҚ-тың сатып алу қызметі жөніндегі бұрынғы төрағасы Е.А.Әмірхановқа қатысты соталды тергеу бастады, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 253-бабының 6-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бизнесмен 5 мамырда ұсталған. Келесі күні Астананың №2 Есіл аудандық соты оған қатысты екі ай мерзімге "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. "Соталды тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігі бойынша істің өзге мәліметтері жария етілмейді", - дейді ҰҚК өкілдері.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам