Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды.

Қала әкімі классикалық журналистикада сенімнің азайып бара жатқанын айтып өтті. Айтуынша, аудитория көбіне блогерлер мен әлеуметтік желілер сияқты альтернатив дереккөздерден мәлімет алуды жөн көреді.

"Дегенмен, дәстүрлі ақпарат құралдарының артықшылықтары тек жоғары кәсібилік пен ұсынатын контенттің сапасына негізделеді. Расталған және дұрыс ақпараттар ғана БАҚ беделін көтеріп, аудитория санын арттыра алады. Бұл үшін ең маңыздысы дереккөздердің арналарын арттырып, ашық диалог форматын қолдау керек", - деді әкім.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек журналистика мамандығының тек қоғамға қызмет ету мен жоғары этикалық және моральдық ережелерді сақтап қалуы керектігін айтты.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам