Бұл туралы  ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Статистика комитетінің хабарлауына қарағанда, Қазақстан өңірлерінің ішінде 2017 жылы туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға шаққанда 29,74 туғандар), Астана қаласында (28,23) және Оңтүстік Қазақстан облысында (27,20) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (13,17), Павлодар (15,91) және Шығыс Қазақстан (15,98) облыстарында көрініс тапқан. «Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 2017 жылы 21,64 туғандарды құрады, қалалық мекендерде - 21,94 (2007ж. - 21,27), ауылдық мекендерде - 21,22 (2007ж. - 20,25) құрады. Елдің өңірлері бойынша ең жоғары туудың жиынтық коэффициенті Маңғыстау (3,78), Оңтүстік Қазақстан (3,62) облыстарында, ал ең төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,67) мен Қостанай (1,73) облысында байқалды», - делінген комитеттің хабарламасында.  

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам