Бұл туралы  облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Екі күннің қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасына келу талаптарын бұзған 495 шетелдік азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді департаментте. - Онын ішінде 44 шетел азаматына елден шығару шешімі қабылданды. ТМД-ның 430 азаматына Қазақстан Республикасына және алыс шетелден келген бір азаматқа уақытша келу мерзімі қысқартылды.

Қалалық әкімшілік сотпен Қазақстан Республикасынан шығару туралы шығарылған шешімді орындамаған Қырғызстан Республикасының 1972 және 1976 жылғы екі азаматы анықталды. Осы фактіге қатысты  ҚР ҚК 393-бабы – «мемлекеттен шығару туралы сот шешімін орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 17 фактісі анықталып,   шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктермен Қазақстан Республикасына келудің белгіленген талаптарын сақтауды қамтамасыз етпегені үшін ҚР 79 азаматы ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ҚК 393-бабы бойынша 4 қылмыстық әрекет – мемлекеттен шығару туралы шешімді орындамау тіркелді.

Еске сала кетейік, мемлекет аумақтарында азаматтардың заңсыз көші-қонына қарсы  республика аумағында   21-24 мамыр аралығында «Нелегал-2018» жедел  алдын алу шарасы өтуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам