Сырт алаңда өткізген ойында павлодарлықтар екінші құрамды шығарды. Әйтсе де бірінші лигада ойнайтын қарсыластарының қақпасына жауапсыз үш гол салды.

Ойынның 35-минутында 11 метрлік айып добын тебуге мүмкіндік алған Александр Кислицынның соққысын қақпашы кері қайтарды.

Бірінші таймның қосымша минуттарында ертістік жас ойыншы Мадияр Рамазанов есеп ашты.

Мачтың екінші жартысында алаңға шыққан Фуад Салами 57-минутта есепті 0-2-ге жеткізді.

Төрешінің ойын соңында қосқан минуттарында қарсыластар қақпасының қақ алдына барған Илья Калинин Саламидың пасынан кейін үшінші голды салды.

Айта кетейік, ҚР кубогының жартылай финалына «Ертіспен» қатар, «Атырау», «Қайрат», «Шахтер» командалары жолдама алды.

Оразбек Саяхат
Суреттер «Ертіс» ФК-ның «ВКонтакте» әлеуметтік парақшасынан алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, "Ертіс" ФК, спорт