Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Қамалованың айтуынша,  бастапқыда тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға әлеуметтік-медициналық көмеке көрсетіледі. Дегенмен, болашақта сұраныс артқан жағдайда қызмет түрлерінің тізімін кеңейту жоспарланып отыр.

-  Инвестордың жеке ғимараты мен  стационары бар және осы салада жұмыс істеген, - дейді Гүлнар Қамалова. – Қазіргі таңда құжаттар сараптамадан өтуде. Орталықта 38 бала күндізгі уақытта ем қабылдайды.

Бұдан басқа, бірнеше жыл бұрын Сергей Олейник басқаратын «Единство» мүмкіндігі шектеулі жандардың ерікті бірлестігі» үкіметтік емес ұйымы ашылған. Стационарда психоневрологиялық дертке шалдыққан балаларға қызмет көрсетіледі.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам