Бұл туралы Тengrinews.kz агенттігі хабарлайды.

Өңір әкімі Құмар Ақсақалов актрисаны құттықтап, оған үш бөлмелі пәтердің кілтін берді. "Тарихта ТМД елдері арасында бірде-бір актриса осындай жеңіске жеткен жоқ. Осындай таланттылардың біздің солтүстік өңірден екені қуантады. Сондықтан да колледж оқытушылары, мұғалімдер мен театр режиссерлеріне алғыс айтқым келеді. Сіздер атқарып жатқан жұмыс нағыз алғысты талап етеді, сіздерге көп рақмет. (...) Бүгін үш бөлмелі пәтердің кілтін ұсынғымыз келеді", - деді Құмар Ақсақалов.

Самал Еслямова облыс әкіміне алғыс айтып, жерлестеріне қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты. Самал Еслямова БҚО Аққайың ауданы Аралағаш ауылында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Петропавлдың өнер колледжіне актер мамандығы бойынша түскен. Айта кетейік, қазақстандық Самал Еслямова 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған. Еске сала кетейік, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Самал Еслямованың ата-анасын құттықтап, қазақстандық актрисаға құттықтау жеделхатын жолдаған еді.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам