Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен кездесудің басты мақсаты – халықтар арасындағы рухани және мәдени қарым-қатынастарды нығайту, славян этномәдени өкілдерін бір арнаға тоғыстыру, халықтар арасында ежелден қалыптасқан рухани және мәдени саладағы қарым-қатынастарды нығайту.

- Аталмыш мерекенің мәні мен маңызы өте терең, - дейді басқарма басшысы Сәуле Османова. - Қазақ пен славян халықтарының арасындағы мызғымас достық ұлттық бірлігіміздің негізіне айналған қазақстандық құндылықтардың жарқын көрінісі. Ағайынды Кирилл мен Мефодийлердің осыдан мыңдаған жыл бұрын славян әліпбиінің авторы болғанын білеміз. Әлемдегі тілдердің оннан бір бөлігі Кириллицаның негізінде жасалған жазбадан тұрады.

Айта кетейік, славян жазбалары мен мәдениеті күніне арналған қала мен аудандарда 80-нен астам іс-шаралар ұйымдастырылды.

Шара барысында кеш қонақтарына славян жазуының негізін қалаушылар Кирилл мен Мефодий құрметіне арналған «Мәңгілік мұра» көрсетілімі мен «Ежелгі славяндар мәдениеті» тақырыптық көрмесі ұсынылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Славян жазбалары, мәдениет