Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі «Ведомости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша Франция соғысып жатқан Сирияға көмек көрсету бойынша Путиннің үндеуін қолдаған алғашқы еуропалық мемлекет болды. Бұған дейін дәл осындай мәлімдемені Түркия мен Иран жасаған болатын, алайда олардың бірде біреуі қайырымдылық сомасын жарияламады.

«Қомақты қаржы Сирия аумағында гуманитарлық қызмет көрсетуге жұмсалады және адамдардың гуманитарлық көмекке жүгінуіне жағдай жасайды», - деді Макрон.

Оның айтуынша, Франция Сирия аумағында түрлі үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істейтін болады.

«Бұл жұмыс Сирияға пайдамызды тигізуге мүмкіндік береді», - деді Макрон.

pavlodarnews.kz

Тэги: