Бұл туралы облыстық құраманың жеткшісі Роман Валиев айтты.

- Осы жолғы жарысқа жеті атлетіміз қатысты, - деді Роман Валиев. – Спортшылардың көбі емтихандарын тапсыруына байланысты келе алмады. Оған қоса, шілде айының соңында ел чемпионаты өтеді. Спортшыларымыз сол жарысқа дайындалуда.

Ерлер арасында жалғыз жүлдені ядро серпуден олжаладық. Аталмыш сайыста Александр Бут алтыннан алқа тақты.

Әйелдер арасында Валентина Степанковская 100 метрге жүгіруден – 2-орын, 200 метрде – 3-орын иеленіп, қос медальге қол жеткізді. Ирина Паршкова 400 метрге жүгіріп 3-ші келді. Вероника Брославская кедергілер арқылы 400 метрге жүгіруден күміс медаль иегері атанды.

Айта кетейік, Алматы қаласында өткен жеңіл атлетикадан 2018 жылғы ҚР кубогының бірінші кезеңіне Астана және Алматы қалалары мен еліміздің әр облысынан келген 220-ға жуық спортшы қатысты.

Оразбек Саяхат
Фото: kazathletics.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жеңіл атлетика, спорт