Басқарманың бөлім басшысы Наталья Шотаева атап өткендей, алдағы уақытта мұндай жаттығуды мемлекеттік мекеме күн сайын өткізуді жоспарлап отыр.

- Басты мақсатымыз – халыққа дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау, - дейді Наталья Шотаева. - Жеңіс алаңында өткен таңертеңгі шараға 20-ға тарта адам қатысты. Ауа райы өте тамаша, көңіл күйіміз де дәл сондай. Барлық отандастарды спорттық акцияны қолдауға шақырамыз. Спортмен шұғылдану аса пайдалы.

Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысы «Challenge Другой ты!» атты республикалық спорт шарасына қолдау көрсетіп, осы акцияның қатысушыларына бейнеүндеу жолдады.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, «Challenge Другой ты!», қоғам