Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы №5 орта меткеп  оқушылары мен педагогтарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады.

- Бүгін сендер өз мектептеріңмен қоштасып қана қоймай, үлкен өмірге қадам басқалы тұрсыздар, - деді басқарма басшысы. -Сіздерге өмірде дұрыс таңдау жасап, еліміздің елеулі азаматы болуларыңызға тілектеспін. Барлық армандарыңыз бен үміттеріңіз орындалсын.

Білім басқармасы берген мәліметтерге сүйенсек, биыл орта мектепті 3897 оқушы бітіреді. Олардың арасында «Алтын белгі» аттестатына үміткерлер саны 215 болса, үздік аттестатты 109 түлек алмақ. 11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау 29 мамырдан 9 маусым аралығында өтеді. Жалпы ҰБТ-ге 2857 түлек қатысады.

Еске салайық, мектеппен қоштасу кеші 15 маусымда өтеді, оған қала мектептерінің 1499 түлектері қатысады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам