Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы мен «Ыбырай» жас бағдарламашылардың лигасы» қоғамдық қоры Павлодар облысында ІТ-сыныптарды ашу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруда.

Алғашқылардың бірі болған Екібастұз қаласында үш заманауи кабинет №9, 22, 36 мектептерде оқушыларға жол тартты.

- Мемлекетіміз балаларымыздың ІТ-мамандықтарды игеріп, бәсекеге қабілетті болып өсуі үшін барын салуда, - дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко. - Бағдарлау жұмыстарын меңгеріп, сайт жасауды үйреніп алса, жас буынның болашағы зор болатынына сенімдімін.

Айта кетейік, оқыту курстары 1-маусымда басталады. Бірінші курс аяқталған соң оқушылар бақылау тапсырады. Кейін бағдарламаны күшейту жұмыстары жүзеге асады.

ІТ-сыныптардың ашылуына арнайы қатысқан Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов кеншілер шаһарынан мықты мамандардың шығатынына сенім білдірді.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz

Тэги: ІТ-сынып, қоғам