Облыстық білім беру басқармасы хабарлағандай, «Бүлдіршін»  мектепке дейінгі балалар шығармашылығының фестивалі үш кезеңде өтті. Облыс орталығында өткен үшінші іріктеу турында 187 номер дайындаған 1392  бүлдіршін өз өнерін ортаға салды. Соның ішінде  410 өнерпаз фестиваль лауреаты атанды.

Жалпы гала-концертте Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, Баянауыл, Качир, Май, Шарбақты, Успен, Ертіс, Ақтоғай, Железин және Павлодар аудандарының балабақшалары, мектеп жанындағы сыныптары және шағын орталықтарынан 47 үздік номер ұсынылған болатын.

Фестиваль лауреаттары сыйлықтармен, педагогтар фестиваль дипломдарымен марапатталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам