Бұл туралы мешіттің баспасөз қызметі мәлім етті.

Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы ауызашарға жиналған қауымға қасиетті Рамазан айының берекесін тілей келе еліміздегі Түрік елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Галип Акын мырза бастаған елшілік қызметкерлеріне бауырластық ықыласы, ниет-пейілі үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде Галип Акын мырза да өз ыстық лебізін білдірді.

Айта кетейік, дастархан басына ораза тұтып жүрген қарапайым жамағатпен қоса арнайы шақырылған зағиптер қоғамы мүшелері, қаламызға танымал қадірлі аталар мен апалар және зиялы қауым өкілдері шақырылды. Ауызашарға қатысқан әр адамға Түрік ағайындарымыз сыйға тартқан қасиетті Құран Кәрім кітабы қойылды.

- Қасиетті Құран аяттары оқылып, ел-жұртымызға бейбітшілік, тыныштық, амандық-саулық, Рамазан айының берекесін тілеген бата-дұғаларға ұласып, өнерпаз жігіттер дәстүрлі Жарапазанның да бірнеше нұсқасы әртүрлі әуендермен орындап, үлкен-кіші қауымның жадын жаңғыртты. Жас ақындар діни өлеңдер оқыды. Шат-шадыман көңіл қошына бөленген жамағат үйлеріне дастархан басынан бір-бір Құран кітабын құшақтап қайтты, - дейді Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы.

pavlodarnews.kz

Тэги: Мәшһүр Жүсіп мешіті, Дін, Рамазан, Ораза, қоғам