Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК-ның ақпараттары бойынша, Қызылорда облысында жел секундына 15-20 метр кей жерлерде 25 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 20 метр болады деп күтілуде. Бірқатар аумақтарда найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы да мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, түнде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз 15-20 метр болады. Кей жерлерде ол 23-28 метрге дейін барады. Бірқатар аймақтарда шаңды дауыл көтеріледі.

Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрып, екпіні 23-28 метрге жетеді. Күндіз найзағай жарқырап, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Сондай-ақ жел күшейіп, түнде және таң ата кейбір аймақтарда тұман түседі.

Маңғыстау облысында түнде желдің жылдамдығы секундына 16-21 метрге жетеді, екпіні 25 метр болады. Кей жерлерде жел күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, шаңды дауылға ұласады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, облыстарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 23-28 метр болады. Сондай-ақ тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 метр болады.

Қарағанды облысының бірқатар аумақтарында жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 метр.

Шығыс Қазақстан, Алматы, облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Алматы облысында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау, Ақтөбе, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде секундына 15-22 метр жел соғады. Ақтөбе облысында түнде және таң ата бұршақ жауады.

pavlodarnews.kz

Тэги: