Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

-    Күштер мен құралдар Бәйімбет орман шаруашылығында орналасты, - деді баспасөз қызметінде. – Өрт-тактикалық оқу-жаттығу ойы бойынша, құрғақ найзағайлы ұшқынының нәтижесінде Павлодар облысы Лебяжі ауданы Бәйімбет орман шаруашылығының № 170 кварталындағы ашық орман дала аумағында өрт туындады. Төменгі өрттің жоғары өртке ауысу қатері бар. Жел шығыс жақтан соғады: желдің жылдамдығы секундына 5-8 метр; ауаның температурасы +250 С, ылғалдығы 60%. Өрт қауіптілігінің классы (КПО) ауа райы бойынша - 4.



Қазақстандық тараптан оқу-жаттығуға жеке құрамның 102 адамы, арнайы техникасының 27 бірлігі, Ресей Федерациясынан жеке құрамның 33 адамы, автотехникаларының 11 бірлігі қатысты.

Оқу-жаттығу барысында Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің, «Ертіс-Орманы», «Семей-орманы» күштері мен құралдары тартылды. Ресей тарапынан: Ресей ТЖМ Алтай өлкесі бойынша Бас басқармасының, Алтай өлкесі Табиғат қорғау ресурстары мен экология министрлігінің өкілдері қатысты.  Сондай-ақ оқу-жаттығуға «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлері ат салысты.



ТЖ жойғаннан кейін дала лагерінің штаб шатырында кеден қызметтері, Ресей Федерациясының, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстары өкілдерінің қатысуымен оқу-жаттығу талқыланды.



-    Осы тәрізді оқу-жаттығулар бірінші реті өткізілуде. Бірақ та барлық қатысушылардың бірлескен іс-әрекеті шынайы жағдайларға жақындастылырған оқиғада үйлесімділік пен кәсібилікті көрсетті, - деді баспасөз қызметінде.

pavlodarnews.kz

Тэги: