Естай атындағы медәниет сарайында Павлодар мен Новосібір, Барнауылдың музыканттары бас қосты.

 Өткен жылы әлемдік деңгейдегі орындаушы Дебора Дэвистің келуі қала тұрғындары үшін тосынсый болса, биыл фестивальдің  тұсаукесерінде заманауи калифорниялық джаз  ханшайымы, париждық  Шола Адиза-Фаррар өнер көрсетті.

- Павлодарлықтардың джазды сүйіп  тыңдайтыны көрініп тұр, - дейді әнші. – Бұл жердің тұрғындары өте ашық  және  осы таныстық үшін өте қуаныштымын.

Шола Адиза-Фаррар концерттен кейін жанкүйерлерімен бірге селфи жасап, қолтаңба таратты.

Сахна төрінде  джаз ханшайымы ресейлік пианист Алексей Черемизовпен бірге  шықты.  Сонымен қатар еңбек сіңіріген мәдениет қайраткері Виктор Шейкиннің жетекшілігімен павлодарлық джаз оркестрі көрермендерге шоу ұсынды.

  Облыстық филаромнияның камералық хоры,  Ресейден келген қонақтар -  Новосібір облысы Ордын мәдениет үйінің эстардалық халық хоры мен  Алтай өлкесі  мәдениет және өнер колледжінің джаз ансамблі де өнер көрсетті.

-    Біздің ұжым 11 адамнан тұрады, - дейді ансамбльдің әншісі Владислава  Карпова. – Оның ішінде әншілер мен аспапта ойнайтын адамдар бар. Жастардың орташа жасы  20-да. Мұнда біз Барнауылдан 10 сағат жүріп келдік және  шараның қаншалықты жауапты  екенін түсінеміз.  Фестиваль үшін ең сүйікті және іріктелген композицияларды таңдап алдық. Бүгін жағалаумен біраз серуендеп өттік.

 Павлодарда «Джаз түстері» екінші жыл қатарымен өтуде.  Ұйымдастырушы - өңірлік мәдениет, авхивтер және құжаттама басқармасы мен Иса Байзақов атындағы облыстық филаромния.

-    Фестивальдің басты мақсаты  - Павлодар өлкесіне джаз  әуенін қайтару, - дейді филармония директорының орынбасары Ләтипа Құрақбаева. – Оның екінші рет дүниеге келуіне көрермендер куә болып отыр. Барлық қатысушылар – өз ісінің нағыз жанкүйерлері. Бұл концерт облыстың 80 жылдығы мен президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған. Бүгін «Джаз түстері – 2018» фестивалі  жағалауда сағат 20.00-де жалғасын табады.

Томирис Бекжан

Фото:  Светлана Воронова 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет, қоғам, рухани