Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- 2 маусым күні сағат 15.30-да бірыңғай  кезекшілік-диспетчерлік қызметіне қайғылы жағдай орын алғаны туралы хабар түскен, - деді департаментте. - Бүлдіршін Бұқар жырау көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан абайсызда терезеден құлаған. Бала 2016 жылы туған. Өкінішке орай,  ауруханада қайтыс болған.

Айта кетейік, бұл - биылғы жылы облыс бойынша тіркелген алғашқы жағдай. Былтыр балалар арасында 18 жоғарыдан құлау фактісі есепке алынған. Нәтижесінде  12-сі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілсе, алтауы көз жұмған. 

Құтқарушылар ата-аналарға балаларды бақылаусыз қалдырмау қажеттігін еске салып, көп қабатты үйлерде сақтық шараларын танытуды сұрайды.

Ақбота Сейсенбаева


pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам