Ақтық мәреге аймақтың 200 қатысушысынан 24-і ғана шықты. Өнерпаздардың шығармашылығы  Ертіс өңіріне арналды.
- Қатысушылардың көбі өздері шығарған өлеңдері мен әндерін орындап жатқаны көңілімізден шықты, - деді «Ауған соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының басшысы Байғабыл Майкөтов. – Шығармашылық шегі мен жасы жоқ. Бүгін бір сахнада үлкені де жасы да бар. Олардың барлығына әділ баға беруіміз керек.
«Достық» орталығының сахнасына алғашқы болып, Ақсу қаласының украин халқының ұлттық ансамблі «Крыницы» шықты. Олардың қатарындағы 78 жастағы Владимир Шушуев облысқа арнап өзі шығарған әнін шырқады.


- Мен 1967 жылы Ақсуға Новокузнецктен келдім, - деді қария. – Сол жылдары әскер қатарынан жаңа шыққан бетім. Кейін ферроқорытпа зауытына орналасып, осында 41 жыл еңбек еттім. Негізі ән айтып, өлең шумақтарын жазумен мектеп табалдырыған бері айналысып келемін.  Басым бөлігі Павлодар жайлы жазылған.
Айта кетейік, аталмыш сайыс облыста сәуір айында бастау алды. Сайыстың қорытындысы бойынша үздік атанған өнерпаздар 30, 40 және 50 мың теңге ақшалай сыйлық  табыс етіледі.

 

Назым Қарабаева

Фото мен видео:Маргарита Чудакова

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы, рухани