Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды.

Бұл адамның көп жиналуына байланысты менингококк инфекциясының жаңа толқыны тудырмас үшін айтылды.

"Бұл заманауи мәселе. маусымның 20-ы мен 30-ы аралығы Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Шара 147 орында ұйымдастырылады. ЖОО, колледждер мен шалғай аудандардағы мектептерде арнайы аудитория бөлінеді. Осыған байланысты Білім министрлігімен алдын алу мәселесін талқылап жатырмыз. Адам көп болады, ұзақтығы кейде 4 сағатқа дейін барады", - деді Бекшин ОКҚ-дағы брифинг кезінде.

Оның сөзінше, тестілеу медициналық қызметкерлердің бақылауымен өтеді және барлық жерде дәрі-дәрмектер болады.

"ҰБТ ұйымдастырушыларына бастау алдында аудиторияны желдетіп, дезинфекциялық заттармен жуып шығуға ұсыныс жасадық. Терезелер барынша ашық жағдайда өтеді", - дейді ол.

Сонымен бірге, Бекшин тестілеуге келетін бітірушілердің тұратын және тамақтанатын орындарына қатысты санитарлық бақылау туралы айтты.

"Мұндай шаралар менингитке шалдығудың жаңа жағдайларын болдырмауға көмектеседі деген ойдамын", - дейді ол.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам