Бұл туралы ол агенттікке берген сұхбатында айтты.

- 12-маусым күні жолға шығуды жоспарлап отырмыз, - дейді Ержан Кәкімбаев. – Астаналық және басқа да өңірлерден келген  10 шақты адам шығады. Менімен бірге жерлесім Серік Есжанов баруға ниет білдірді. Күніне 100 шақырымнан 10 күн жолда өтеді.  Былтырғы жылы ЭКСПО-2017 көрмесіне орай Астана қаласынан Баянауыл ауданына дейін 600 шақырым жолды жылқымен жүріп өткен болатынбыз.  Ата-бабаларымыз сияқты жолда ұйықтап, тамақтануға тура келеді. Алайда таза ауада, табиғаттың аясындағы саяхаттан алатын әсер ерекше.

«Кәкімбаев» шаруа қожалығына иелік етіп отырған ауыл тұрғыны 100 шақты қара мал мен бес бас жылқы ұстайды. Жуырда ат туризмін дамыту мақсатында 3 млн теңге қайтарымсыз  мемлекеттік грант алған. Бұл қаржыға ол Алматы облысының Қаскелең қаласынан ат әбзелдері мен бірнеше бас жылқы сатып алуды көздеп отыр.

 - Бір айдан кейін 10 адамнан бастауды көздеп отырмыз, - дейді Ержан Кәкімбаев. – Оларды Есілбай ауылынан Ғабдул Уахит хазірет кесенесіне дейін 30 шақырым жерге жылқымен жеткіземіз. Жастардың арасында жаз мезгілінде жабағы жарысын ұйымдастырып тұрамыз. Себебі, мұндай  шаралар  бос уақытты тиімді өткізіп, денсаулықты нығайтуға  мүмкіндік береді.

Биылғы жылы 10-наурызда ауданның 90 жылдығына орай «Ертіс орманы» резерватының аумағында Есілбай – Ғабдул Уахит хазірет  туристік аймағы  - Есілбай маршруты бойынша ұзындығы 85 шақырымдық  ат туризмі маусымы ашылған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото Интернеттен алынған

 

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет, Астана 20 жыл, рухани