Бұл туралы Тengrinews.kz агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты спортшы алдағы дүйсенбіде, 11 маусымда мәлімдейді.

Ильиннің қатысуымен ашық баспасөз мәслихаты Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өтеді. Шараның басталуы жергілікті уақыт бойынша 12:20-ға белгіленген. Еске салайық, Илья Ильин 2008 және 2012 жылғы Олипиада жүлделерінен допинге байланысты айырылып, екі жылға спорттан шеттелген еді. Тыйым 2016 жылдың 10 маусымынан бастап есептеледі. Осылайша алдағы күндері шеттету мерзімі аяқталып, спортшы Токио Олимпиадасына Қазақстан құрамасының сапында қатыса алады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам