Металлургтер саябағында  Ертіс өңірінің 80 жылдығына орай  отбасылық веложарысқа «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары қатысты.

- Жарыс төрт бағыт бойынша өтті, - деді білім беру бөлімінің маманы Сағындық Шәкенов. -  Оқушылар мен ата-аналар топтарға бөлініп, өзара жарысты. Жалпы жарысқа 60 оқушы мен 20 ата-ана қатысты.

 Экология және туризм бабалар мен жасөспірімдер орталығында отбасылық «Ошақ» лагері ашылды.

Лагерь барысында оқушылар экологиялық-батаникалық кешенге, «Жас эколог» мұражайы мен «Атамұра-асыл қазына» этноауылына барады. Сонымен қатар, бард өлеңдерінің кеші мен «Жасыл ғаламшар» экоквесті өтеді.

 

Назым Қарабаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Павлодар, Павлодар облысы