Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында өңірлік білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы  мәлім етті.

-  Білім беру деңгейі мен басқа да жағдайлар облыстық мамандандырылған мектептің стандарттарына сай келмейді, - деді Дінислам Болатханұлы. -  Бүгін ұжыммен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Биыл  кадет корпусы оқушыларды қабылдап, өз қызметін әрі қарай жалғастырады. Мектеп ұжымы мен ұстаздары білім беру сапасын арттыруға уәде беріп отыр.

Спикер кадет корпусына  оқуда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген жастар ғана түсе алатынын атап өтті.

- Соңғы бақылау қорытындысы бойынша курсанттар орташа  нәтиже көрсетіп отыр, - деді Дінислам Болатханұлы. -  Мұндай жағдайда кінәлі адамдарды іздеудің қажеті жоқ. Бұл мәселеге барлығымыз жауаптымыз.

Айта кетейік, республикалық және жергілікті БАҚ-та көктемде 10 шақты павлодарлық оқушының кадет корпусына түсуге өтініш бергені туралы ақпарат тараған. Қажет құжаттарды жинап, медициналық комиссиядан өткен оқушыларға мектептің жабылуы мүмкін деген себеппен  өтініштері кері қайтарылған.  Себебі, аудит нәтижесі оқу ордасын ұстау тиімсіз екенін көрсеткен сынайлы.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: автор


 



pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, білім