Кітапханашы Жанат Әлжанова тұрғындардың риза екендігін жеткізді.

-    Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған іс, - деді Жанат Әлжанова. – Тұрғындар мұдайды күтпегендіктерін білдіріп, алғыстарын айтуда. Сабақтар аптасына бір рет өтіп отырады. Қатысам деушілер өз еріктерімен келеді. Жалпы коворкинг орталығымызда жекелей немесе топпен жұмыс жасауларына болады.

Баянауыл ауданы ауылдарының арасында алғашқы болып ашылған орталықта екі ноутбук, ғаламторға қосылған теледидар, интерактивті тақта және үстелдер мен ойын алаңдары бар. Сонымен қатар, келушілер жиындарының жайлы өтуі үшін кофе қайнатып ішуге болады.

Жанат Әлжанованың айтуынша, орталыққа күніне 20-25 адам келеді. Олардың ішінде балалар да бар.

Оразбек Саяхат
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Баянауыл, Рухани