Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz хабарлайды.

Жартылай орта салмаққа ауысқан Кроуфорд WBO тұжырымының чемпионы Хорнмен бүгін таңертең Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында кездеседі. Осы кездесу үшін Теренске келісімшарт бойынша 1,75 миллион доллар төленеді, ал Top Rank промоутерлік компаниясы тағы да 3 миллион долларлық төлемақыға кепілдік беріп отыр. Ал Хорнның ресми гонорары 500 мың доллар, бұдан бөлек тағы да 1,25 миллион доллар мөлшеріндегі төлемақы кепілденген.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) те жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Таяуда ғана берген сұхбаттарының бірінде дивизион чемпиондары Кроуфорд және Хорнмен жұдырық түйістіргісі келетінін мәлімдеген болатын. Ал америкалық боксшы Елеусіновті рингте есінен тандыратынын айтқан.

pavlodarnews.kz

Тэги: