Жоғары жылдамдық пен резеңкенің шуылдақ дауысын сезініп көргісі келетіндерге жеті автомобиль ұсынылды. Бір рет отырудың құны – 500 теңге.



- Біз адамдарға мереке сыйлағымыз келді және тек автомобилге ғана емес байктерге де отыруға болады. Жүргізушілер мен көрермендер арасында ұтыс ойнатамыз, - дейді JZX_pvl автоклубының жетекшісі Лариса Молочкова.



Сонымен қатар, «Ритм» жастар шығармашлығы бөлімінің жетекшісі Екатерина Васильеваның айтуынша, 18 автомобиль енген автокөрмеде бірнеше аталымдар беріледі. Олар ең үздік тюнинг, түс, дискілер, ең қатты дауыс, стайлинг үшін беріледі. «Классика жаса!» аталымы мен көрермендер арасындағы сый да қарастырылған.

Қаптамалар, қуаттау құрылғысы, видеожазбалар сынды сыйлықтарды демеушілер ұсынып отыр.

- 30-маусымда көлемді ойын-сауық бағдарламасы бар автобәйге өткіземіз, - деді Екатерина Васильева. – Павлодарлықтарды сол шараға қатысуға шақырамыз. Автобәйге мен бүгінгі шараға қалалық ішкі саясат бөлімі қолдау білдіруде.



Автокөрмеге Бауыржан Уақпаев бірінші топтамадағы, 1974 жылы шығарылған ГАЗ-2410 автомобиліне мініп келген.

- Бұл «волганы» Новосібірден әкелдім, - деді автомобиль әуесқойы. – Әрине жасы білініп қалады. Алайда, әрдайым бабында ұстап, осы көлігіммен жүремін.

Дулат Райымбек
Фото: Роза Мустафина

pavlodarnews.kz

Тэги: