Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тайфун ортасындағы желдің жылдамдығы – 30 м/с. Арасында 40 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Дәл қазір циклон 30 к/с жылдамдықпен жылжып келеді. Маликси тайфуны Хонсю аралына 10 маусым түнде немесе 11 маусым таңертең келеді деген болжам бар.

Толқындардың биіктігі 8 метрге дейін жетеді. Жауын-шашынның көп болуы салдарынан көшкін болуы да ықтимал.

Мамандар тайфун келетін аумақ тұрғындарын теңізге шығудан сақтандырып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Лан тайфуны салдарынан Жапонияда мыңдаған әуе рейсі тоқтатылған болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: